Оралда медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы өткізілді

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Жастар» стадионында медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өткізілді.

Оған қаладағы медицина мекемелерінің командалары жиналып, қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Владимир Дремасов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғизатолла Ләмов құттықтап, сәттілік тіледі.

Облыстағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мұндай жарыстарға 1999 жылдан бері қатысып келеді. Жыл сайын спартакиадаға қатысушылар қатары көбеюде. Бұл жолы 30 команда құрамында 1200-ден астам қызметкер волейбол, арқан тарту, шағын футбол, жеңіл атлетика, көңілді старттар, тағы басқа да спорттық ойындардан сынға түсті.

Жалпыкомандалық есепте облыстық клиникалық аурухана қызметкерлері жеңімпаз атанса, №3 қалалық емхана - екінші, қалалық жедел жәрдем стансасы үшінші орынды иеленді.

9-10 маусым күндері облыстық спартакиада өтеді.