Оралда мектеп оқушыларына 1,1 млн. теңгенің көмегі көрсетілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қалалық білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» іс-шарасы аясында 104 балаға 1,1 млн. теңгенің көмегі көрсетілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демеушілерден жиналған қаржыға балаларға қалауы бойынша оқу құралдары, спорттық киімдер, тәтті тағамдар үлестірілді.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Дайыр Сапаровтың айтуынша, Оралда 45 мектеп болса, соларда оқитын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар баршылық. «Мектепке жол» іс-шарасы аясында оларға жәрдем қыркүйек айы бойы ұйымдастырылуда.