ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №45 орта мектеп жанында балабақша ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Балабақшаға жаңа жылдың бастапқы күндері-ақ 90 бүлдіршін орналаспақ. Бұрын интернат болып, бос тұрған ғимарат балабақшаға лайықталып, қайта ашылып отыр. Өткен жылы аудандарды айтпағанда, қаланың өзінде мектепке дейінгі 7 мекеме іске қосылды. Балабақшалар жаңа жылда да салынатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).