ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында патриоттық әндерді орындаушылардың облыстық байқауының жеңімпаздары «Менің Отаным - Қазақстан» атты гала-концерт қойды.
Қатысушыларды облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиев тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Гала-концертті ұйымдастырған «БҚО жаңа толқын» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің айтуынша, байқау мақсаты - жас таланттарды табу. «Патриоттық әндерді орындау» және «Авторлық патриоттық әндерді орындау» аталымдары бойынша Мұхтар Рамазанов, Сағынжан Халелов, Жеңіс Қасымов және басқалар үздік шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).