ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы қазақтың алғашқы мұрағатшыларының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Меңсұлу Айтмұхамбетова тұрған М.Ықсанов көшесіндегі 45-үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1933 жылы БҚО-ның Жалпақтал ауылында дүниеге келген М.Айтмұхамбетова орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу тарихи-мұрағат институтына оқуға түседі. Еңбек жолын мұрағат қызметінен бастап сол салада аяқтады. 1964 жылдан облыстық мұрағатқа басшылық етті. 1976 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған ол Қазақстанда ұлттық мұрағат жүйесінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірді.
Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде замандастары М.Айтмұхамбетова туралы естеліктерін айтып, лебіздерін білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).