ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 18 наурызда «Бақ-берекем, әз Наурыз» атты театрландырылған концерттік бағдарлама қойылды.
Онда Наурыз мейрамына орай көріністер қойылып, өңірге танымал әртіс-әншілер өнер көрсетті. Кеше сондай-ақ Наурыз мейрамы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және басқа оқу орындары мен мекемелерде атап өтілді.
Мерекелік шаралар бүгін де жалғасады. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сайран Дүйсентегінің айтуынша, Жастар мәдениет үйінде алғаш рет мүгедек балаларға арналған шара ұйымдастырылып отыр. Қайырымдылық шарасымен 160 бала қамтылмақшы.
Негізгі шаралар Орал қаласында 22 наурыз күні өтеді. Сырым Датұлы алаңында басталатын театрландырылған көрініс, спорттық шаралар, өнімдер жәрмеңкесі кешкісін Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталмақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).