Өткен жылы да өңірдегі шәкірттер сүзгіден өтіп, қабылданған болатын. Биыл қалған орындарға 135 оқушы алынбақ. Мектеп директоры Шолпан Қадырованың айтуынша, сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 7, 9 сыныптарға құжат А.Макаренко атындағы №6 орта мектепте қабылдануда. Үміткерлер кешенді тестілеуден өтіп, сосын бақылау жұмыстарын жазады. Кешенді тестілеуден 7 сынып емтиханына математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, 9 сыныпқа математика, физика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері енгізілген. Екінші кезеңде 7 сынып оқушылары математикадан, 9 сынып шәкірттері математика мен физикадан бақылау жұмысын жазады.
05:34, 27 Маусым 2012
Оралда Назарбаев зияткерлік мектебіне оқушыларды жаңадан іріктеу жұмыстары жүргізілуде
ОРАЛ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне 7 және 9 сынып оқушыларын жаңадан іріктеу жұмыстары жүргізілуде.