Оралда «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде сәуірдің 17-сінде «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған «Нұр Отан» ХДП: тарихы мен тағылымы» атты колледжаралық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Колледждің қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастырған басқосуда партия тарихы, оның еліміздегі жетекші қоғамдық күш екендігі, жастар саясаты туралы айтылып, жастар өз ізденістерін, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиынға «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, арнаулы орта оқу орындары студенттері, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.