ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Орал қаласында 21 қазан күні Олег Кошевой атындағы көше бойындағы үйлердің бірінде П. есімді 2001 жылғы қыз өз ауласында асылып өлген.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш оқиғаға байланысты бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қыз бала қаладағы №39 орта мектепте оқыған. Қазіргі таңда оның осындай қадамға неліктен барғандығы анықталу үстінде.
Бұл - биылғы оқу жылы басталғаннан бергі өңірдегі екінші оқиға. Бұған дейін 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде Айдархан орта мектебінің 7-сыныбында білім алған 12 жасар ұл бала өз үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған болатын.
Айта кетейік, биылғы тоғыз айда облыс көлемінде 10 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсады. Тағы үшеуі сондай әрекет жасағанмен, аман қалды.
Мұндай деректердің барлығы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).