ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы осымен он екінші рет ұйымдастырған байқауда барлығы он үміткер бақ сынады. Олар поэзия, драма, проза жанрлары бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысында оралдық Абзалбек Максимов бас жүлдені жеңіп алды. Ол енді Астанада өтетін республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).