ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер арасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің біріншілігі өтуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионат Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа республика облыстары мен Астана, Алматыдан және Ресей Федерациясы ТЖМ №70 федеральдық өртке қарсы қызмет арнайы басқармасынан (Байқоңыр қаласы) барлығы 18 команда қатысуда.
Біріншілік қорытындысына сәйкес ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).