Оқиға болған кезде дәмхананың ішінде төрт адам болған. Түнде жұмыс істейтін қызметкерлер таңертеңге дейін қалады.
- Дәмханада ұйықтап жатқанбыз, - деді дәмхана қызметкері Ольга. - Шу шыққанда сыртқа шықтық. Өйткені, жазғы дәмханада қыз ұйықтап жатқан. Шықсақ, мұнда бір жігіт отыр. Сөйтсек ол шатырдағы көліктен «түсіп» қалған. Көліктен бензин төгіле бастады.
Фельдшер жедел жәрдем стансасына келгенде дәмхана маңында үш жігіт болғанын айтты.
- Олар мас болды, - деді фельдшер. - Біреуінің жағдайы ауыр екен. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді. Алайда біреуі ізін суытты.
Дәмхана иесінің сөзіне қарағанда, енді шатырдың бір бөлігін ауыстыру қажет. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.