ОРАЛ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Прокуратура күніне арналған салтанатты жиын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай прокуратура органдары қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев құттықтады. Облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев қадағалау органының құрылу тарихына тоқталып, бүгінгі таңдағы мақсат-маңызы да жоғары екенін атап өтті.
Прокуратураның 15 қызметкері ҚР Бас прокуроры және облыс прокурорының бұйрығымен ынталандырылса, енді бір тобына облыс әкімінің алғысхаты табыс етілді. Сегіз жас маман ант қабылдады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).