ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы шілде айында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйесі бойынша Орал қаласында 90 пәтерлік бір тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қазір «Астана» шағынауданындағы жаңа үйде қоныс тойлары басталды. Жаңа үш үйдің де (барлығы 270 пәтер) құрылысы аяқталып, мемлекеттік комиссияның қабылдауынан өтуде.
Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлық санаттағы осы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары банк заемдары арқылы жаңа баспананы сатып алады. Салымшының төлем қабілеті жеткіліксіз жағдайда тұрғын үй 8 жылға жалға беріледі және осы мерзім ішінде салымшы банкте ақшасын жинайды. Ал үйді жалдау ақысы бір шаршы метріне 100 теңгеден аспайды.
Бағдарламаның екінші бағыты жас отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған. Аталмыш банк филиалының директоры Қуанышбек Хамзиннің айтуынша, жас отбасылардан баспанаға арыз қабылдау алдағы 2013 жылдан бастап жүргізіледі. Айта кетерлігі, жалға алған жаңа үйде тұратын жас отбасылар жалдау ақысынан босатылады, бірақ жинақтау жүйесінде ақша жинақтайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).