ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - 4 қазан күні облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы саяси клубтың кезектіотырысы болып, онда «Медицина саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту туралы» тұжырымдамасының жаңа жобасы талқыланды.
Саяси клуб отырысын облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Есекенова жүргізді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық даму департаментінің директоры Марат Шоранов «Медицина саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту туралы» тұжырымдамасының жобасы жөнінде баяндады.
Саяси клуб отырысын қатысушылар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік медицина саласын дамытудың тиімді механизмі екеніне тоқталып, кейбір тетіктері туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).