Оралда шағын бизнес нысандарының саны 22 мыңнан асты

ОРАЛ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында тіркелген шағын бизнес нысандарының саны 22 мыңнан асты, оларда 38 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы шағын кәсіпкерліктер 95 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оларға жалпы аумағы 58 га 233 жер телімі берілді. Бұдан өзге ғимаратты бизнес үшін қайта ыңғайлауға 112 рұқсат берілді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қалада 16 жоба жүзеге асырылып жатса, соның екеуі («Казармапром» ЖШС - ұнтақ шарлар өндірісін қайта құру және «Фоняков» ЖК - мия тамырын өңдеу) экспортқа бағытталған.

Кәсіпкерлерге 10 млрд.-тан астам теңге несие берілген, бұл 2010 жылғыдан 18 пайызға артық.