ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні Орал қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған М. деген азамат Еуразия даңғылы бойымен «Опель» автокөлігін жүргізіп келе жатқан жерінен 11.00 сағат шамасында ұсталды.
БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабын (сот актісін орындамау) бұзуға жол берген.
Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 15 қаңтардағы қаулысымен айыпты деп танылған аталмыш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).