Облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев соттың сан салалы қызметін көпшілікке жария етуге өз үлестерін қосып, шығармашылықпен еңбектеніп жүрген журналистер Ғайсағали Сейтақ, Мира Шүйіншәлиева, Еркін Карин, Татьяна Рудаметоваға алғысын білдіріп, құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етті. Осындай марапатқа баспасөз беттерінде мақалаларымен жиі көрініп жүрген судьялар Гүлнәз Оспанова, Зәуре Жұмашева, Махамбет Бақтығұлов, Есенбай Боранбаев ие болды. Облыстық соттың баспасөз қызметкерлері Амангелді Шахин, Гүлмира Кенжеғалиева, Айжан Қапуловаға қаржылай көтермелеу жасалды.
19:26, 25 Маусым 2012
Оралда соттың ашықтығы мен жариялылығына үлес қосқан журналистер марапатталды
ОРАЛ. 25 маусым. ҚазАқпарат - 25 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық сотында баспасөз қызметкерлерінің төл мерекесіне орай арнайы жиын өткізілді.