ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттері үшін тоғыз қабатты жатақхана салынатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Университет ректоры, ғылым докторы, профессор Қазыбай Бозымовтың айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асқалы отырған бұл жобаға биыл 369 млн. 541 мың теңге бөлінген. Бұған қоса 2010 жылы 589 млн. 666 мың теңге игерілмекші.
Жаңа үлгідегі озық материалдармен және тың технологиямен салынып, жабдықталатын жатақхана 560 студентке арналған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).