Оралда «Студенттік отбасы-2009» байқауы өткізілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттер сарайында «Студенттік отбасы-2009» байқауы өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау бес бөлімнен тұрды. Әуелі көпшілікке өздерін таныстырған жас отбасылар содан кейін бір-біріне жылы сөздерін арнады. Әсіресе, олардың отбасындағы кейбір келеңсіз жағдайларды шешудегі ұтымды жауаптары жұртшылық көңілінен шықты.

Байқау қорытындысында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Сұлтан Дәуітов пен Динара Әбілқайырова бірінші орынға ие болды. Сайысқа қатысушылардың бәріне дипломдар мен сый-сияпат табыс етілді.