Әзірге облыстық ішкі істер департаменті бұл оқиға туралы ресми түрде мәлімет бермеген. Бейресми ақпараттарға қарағанда, судьяның жинақтай айтқанда 5,5 млн.-ға жуық теңгесі қолды болған көрінеді.
«Уральская неделя» басылымының тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Хабибулла Аманқұлов өткен аптада үйіне ұры түскенін растаған. Ал оның әйелі пәтерін тонағандарды іздестіру мақсатында полицияға арыз түсірген. Аманқұловтың айтуынша, қолды болған дүние-мүлік өзіне емес, отбасының өзге мүшелеріне тиесілі екен. Сондай-ақ, ұрылар судьяның Ақсай кентінде жұмыс істейтін ұлының құжаттарын да ала кетіпті.