ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласындағы «Звезда Востока» сұлулық салонында алған екпеден кейін 1977 жылғы әйел көз жұмды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, әйелдің екі беті көгеріп кетіп, аяқ астынан өзін жайсыз сезінгеннен кейін сағат 12.25-те жедел жәрдем шақыртылған. Алайда 5 минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы келгенше, әйел жан тапсырған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жасағанымен, ол еш нәтиже берген жоқ.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).