Оралда Сырым ауданы мектеп мұражайларының көрмесі ашылды

ОРАЛ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Мұражай және балалар көрмесі» атты тақырыпта Сырым ауданы мектеп мұражайлары көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш көрмеге көне жәдігерлер мен бұйымдар қойылған. Шара БҚО білім беру мекемелеріндегі «Мектеп мұражайлары белсенділері» фестивалі аясында 2012 жылдың 17 мамыр - 28 қараша күндері аралығында өткізілуде.

Шараға ауданның құрметті азаматтары, Қ.Мырзалиев атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары, мұражай қызметкерлері қатысты.