ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында таэквондодан жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс біріншілігі мәреге жетті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жасөспірімдер арасында оралдықтар Сергей Зорин, Дамир Абдушев, Дмитрий Иванов, Нұрлан Бажанов, Болач Юсуповтар жеңімпаз атанса, қыздардан Құралай Таңсықова, Дана Мүбәракова, Жанбота Жаскелең, Индира Шугаева озық шықты.
Біріншілік нәтижесіне қарай Астана қаласында ақпанда және Өскеменде сәуірде өтетін Қазақстан чемпионатына баратындар іріктеледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).