Оралда Тасқала ауданы мектептері музейлерінің көрмесі ашылды

ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - 26 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мектеп музейі белсенділері» атты облыстық фестиваліне орай «Музей және балалар көрмесі» тақырыбында Тасқала ауданының мектеп музейлері көрмесінің ашылу салтанаты болды.

Аталмыш жобаны ұйымдастырушылар - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, БҚО білім басқармасының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы. Шара өңірдің білім беру мекемелеріндегі «Таңдаулы мектеп музейін» анықтау және жас ұрпақты туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыру және отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.

Бұл жолы Тасқала ауданындағы мектеп музейлерінен әкелінген құнды жәдігерлер көрмеге қойылған. Экспонаттарды музейге келген оқушы-жастар тамашалады.