Оралда «Тазша бала» байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда облыстық «Тазша бала» байқауы мәреге жетіп, жеңімпаз, жүлдегерлер анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жас толқын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға 10-30 жас аралығындағы 13 үміткер қатысып, төрт кезеңнен тұратын сайыста сынға түсті. Олардың арасында оқушыдан бастап студент, мұғалімге дейін болды. Бәрі де Тазша балаша таңдайлары тақылдап, тапқырлық танытуға тырысып бақты. Байқау қорытындысында Орал қаласындағы №34 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ұлағат Құлманов жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық «Тазша бала» байқауына жолдама алды.