ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығында дәстүрлі облыстық тіл айлығы аясында «Үздік аудармашы-2009» байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылы осындай байқауда 11 үміткер бақ сынаса, биыл олардың қатары 16-ға жетті. Төрт кезеңнен тұратын сайыс қорытындысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аудармашысы Әсемгүл Қадырханова жеңімпаз атанды.
Айлық аясында мемлекеттік тілді орнықтыруға бағытталған басқа да шаралар ұйымдастырылмақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).