Оралда төрт мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншіге сот үкімі шығарылды

ОРАЛ. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Оралда бір жылда 4 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншіге сот үкімі шығарылды.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан Манарбек Нәжиевтің хабарлағанындай, жаяу жүргінші төрт мәрте жол ережесін бұзып, жол сақшыларының құрығына іліккен. Бірнеше мәрте тәртіп бұзған жүргіншінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 473-бабы1-бөліміне сай іс қозғалған. Жол ережесін бұзушының ісі сотта қаралып, сот оны 3 күнге қамауға алуға үкім шығарды.

Мұндай жағдай өңірде тұңғыш  рет тіркеліп отырған көрінеді.