Оралда ұлы күйші Құрманғазыға арналған «Нарында күмбірлеген арынды күй» атты шара өткізілді

ОРАЛ. 1 қараша. ҚазАқпарат - 1 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбаевтың 190 жылдығына арналған «Нарында күмбірлеген арынды күй» атты шара өткізілді.

Құрманғазының өмірі мен өнерін, күйлерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кеш барысында өңірге танымал домбырашылар Ермек Қазиев, Едіге Нәбиев, Қырымгерей Қажымов, Мереке Тұяқов және басқалары күй атасы туралы лебіздерін білдіріп, оның тартысқа толы ғұмыры мен кең тынысты туындыларын әлі де зерттей түсу қажеттігін атап көрсетті.

Шарада Құрманғазы күйлері орындалып, тарихы айтылды.