ОРАЛ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жазушы Валентин Катаевтың «Көк орамал» пьесасы сахналанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спектакльді режиссер Сергей Пацаль сахналаса, суретші Рафхат Рамазанов көркем безендірді. Соғыс жылдарының көптеген әндері шырқалатын қойылымда Раиса Құрбанғалиева, Светлана Календарова, Максим Немчинов сынды театр актерлері ойнайды. Еділ бойындағы Щеглы деген шағын қалада, Орталық майданда өтетін көріністер ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Ардагерлер соғыс жылдарын еске алса, кейінгі ұрпақ аға буын тағдырын тани түседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).