ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Тропикана» саунасының қасында Орал қаласының 1979, 1980 және 1983 жылғы үш тұрғыны қолға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұлардың үшеуі де - жұмыссыз адамдар. Олардан сәйкесінше 0,23 грамм, 0,24 грамм және 0,21 грамм героин тәркіленді.
Осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).