ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет биыл үздік нәтижелерімен көзге түскен төрт спортшыны жетістіктерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Атап айтқанда, жуырда Андрей Смирнов ММА аралас жекпе-жегінен Азия чемпионы атанса, Назым Ищанова Тайбэйде жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан өткен әлем біріншілігінде қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ Дархан Темірәлиев Грузияда каратэ-додан кадеттер мен кіші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында, Мәлік Мұқашев Молдовада болған пара-таэквондодан Еуропа біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын.
Бағалы сыйлыққа ие болған спортшылар қолдау-көмегі үшін БҚО әкімдігі мен облыстық басқармаға ризашылықтарын білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).