ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда волейболдан ардагерлер арасында жарыс мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған шалғайдағы Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарынан да командалар келіп, қатысты. Турнир қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің командасы жеңімпаз атанды. «Ардагер» командасы - екінші, жаңақалалықтар үшінші орынды еншіледі.
Жарысты ұйымдастыруда салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар спорттық шеберлікке де ерекше мән берілді. Өйткені турнир қорытындысына сәйкес Краснодарда ардагерлер арасында ТМД елдері арасында өтетін жарыста Қазақстан намысын қорғайтын команда жасақталатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).