ОРАЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 18 қараша күні ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жауқазын» балалар шығармашылығы көрмесі аясында Зеленов ауданы оқушыларының туындылары қойылды.
Көрмеге қойылған 270 жұмыстың ішінде гобелен, картиналар, әйнектен, ағаштан және басқа материалдан жасалған бұйымдар баршылық.
Аудан әкімі Ғайса Қапақовтың атап өткеніндей, балалар шығармашылығын дамытуда мұндай көрмелердің маңызы зор. «Жауқазын» көрме-байқауының қорытындысына сәйкес облыс аудандары оқушыларының ең үздік жиырма туындысы анықталатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).