Оралда жалған ақша жасаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда жалған ақша жасаған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 206-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық прокураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалы кассасына азамат Н.Шерстобитовтан құны 10 мың теңгелік ақша өткен жылдың аяғында түскен. Бұған күмән туғызған банк қызметкерлері «Спектр» құрылғысымен тексерген кезде жалған ақшаның белгілерін анықтайды. Кейін сот-техникалық сараптама да оның жалған екендігін көрсетті. Алайда БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы Д.Құрақов қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан. Тек Орал қаласы прокуратурасының араласуынан кейін ғана қылмыстық іс қосымша есепке қойылып, қаралуда.