ОРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат -ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің кезекшілік бөліміне 24 шілде күні Локомотив көшесіндегі жеке үйде террорлық акт дайындалып жатқаны жөнінде ер адамнан хабар түскен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, құқық қорғау органдары қызметтері оқиға орнына барып тексерген. Қауіпсіздік шаралары алынып, автокөлік қозғалысы тоқтатылған. Ақыр соңында қоңырау жалған болып шықты.
Жедел іздестіру шаралары барысында жалған қоңырау шалып, жұртты әбігерге түсірген 55 жасар азамат анықталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).