ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Кедергі» жедел алдын алу шарасы барысында Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлері
Оралдағы «Құрылысшы» шағынауданындағы өз үйінің жанында 27 жасар әйелдің ай бойы жалпы салмағы 38,7 грамм есірткі сатқанын анықтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, есірткі сатушыны қолға түсірген кезде одан 8,29 грамм героин тәркіленген. Сондай-ақ пәтерін тінту кезінде сату үшін сақталған 14,32 грамм героин және табылған. Героин есірткінің күшті түрі болып есептеледі.
Есірткі сатушы әйел ҚР ҚК 132-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 259-бабына сәйкес (есірткі заттарын заңсыз өткізу) қылмыстық іс қозғалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).