ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының «Самал-2» шағынауданында жаңа спорт алаңы ашылды.
Аталмыш нысан «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ қаржысына салынды. Шағын футбол, волейбол, хоккей ойнауға арналған әмбебап алаң бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында іске қосылды. Жасанды жабынды спорт алаңы еуропалық стандарттарға сай жасалған.
Жаңа алаңның «қызығын» зауыт қызметкерлерімен қатар қала тұрғындары да көре алады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).