ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда жаңа жыл басталғаннан бері сегіз адам үсікке шалынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұлардың бәрі де ? ер адамдар, олар «Жедел жәрдем» көлігімен жеткізілген. Ал облыстық ауруханаға қыс басталғаннан бері түрлі үсік жағдайымен алты адам түскен. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бәрі де ? арақ ішкендер, бұлардың арасында тұрақты мекенжайы жоқ адамдар да бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).