Оралда жаңажылдық безендіруге арналған байқаудың қорытындылары шығарылды

ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында жаңажылдық безендіруге арналған дәстүрлі байқаудың қорытындылары шығарылды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сайран Дүйсентегінің хабарлағанындай, байқау қорытындысында «Теремок» кафесі - бірінші, «Стеклосервис» ЖШС - екінші, «Орал» сауда үйі үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді. Жүлде қоры 400 мыңға жуық теңгені құрады.

Жалпы, Оралда жаңажылдық безендіру жұмыстарына 7,2 млн. теңге жұмсалды.

С.Дүйсентегінің айтуынша, жыл басы - Наурыз мейрамына орай да осындай шараларды қолға алу ойластырылуда.