Оралда жас отан қорғаушылардың облыстық слеті мәреге жетті

ОРАЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Сәуірдің 10-ында Орал қаласындағы №34 орта мектепте патриоттық және әскери-спорттық клубтардың облыстық слеті мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал гарнизоны әскери прокуратурасы мен облыстық білім беру басқармасы және қорғаныс істері жөніндегі департамент қолдауымен өткізілген сайысқа облыс мектептерінен барлығы 13 команда қатысып, олар нысана көздеу, алғашқы көмек көрсету және жалпы дене дайындығы бойынша жарысқа түсті. Орал гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, әділет майоры Бауыржан Балықбаевтың хабарлағанындай, жеткіншек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс жеңімпазы мамыр айында Алматы қаласында өтетін «Отан қорғаушы ? 2009» патриоттық және әскери-спорттық ұлттық фестиваліне қатысады.