ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Алмас Мұқанов 30 қыркүйек күні Қ.Аманжолов көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
Полицияға жігіттің апасы 14 қазан күні жүгінген.
"Қазіргі кезде А.Мұқановты іздестіруге бүкіл жеке құрамға бағыт берілді. Оның мекенжайын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жоғалған адам туралы ақпарат білгендер 102 телефонына хабарласуы сұралады. Белгілері: азиат пішіндес, бойы 170-175 см, толық денелі, шашы қара, қысқа, құлағы қалқиған, мұрны үлкен, көзі қысыңқы келген. Қара түсті жеңіл киім, көк джинсы, қара кроссовка, сұр баскиім киген", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).