Оралда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнир мәреге жетті

ОРАЛ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында БҚО әкімінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қыздар арасында жекелей сында Марина Власенко ? бірінші, Екатерина Маслякова (екеуі де Магнитогорскіден) ? екінші, Гүлшехра Хусейнова (Оңтүстік Қазақстан) үшінші орынды еншіледі. Командалық есепте де Магнитогорск өкілдері ешкімге дес бермесе, Астана ? екінші, Қазақстан құрамасы ? үшінші, әзірбайжандықтар төртінші тұғырдан көрінді. Бозбалалар арасында Арсений Гусев (Новокузнецк), Алексей Исаев (Саратов), Руслан Гарифов (Карелия, Петрозаводск) жүлдегер атанды. Командалық есепте Абакан мен Новокузнецк бірінші орынды бөліссе, ҚР құрамасы ? екінші, Петрозаводск ? үшінші, саратовтықтар төртінші сатыдан табылды. Сондай-ақ ерекше көзге түскен қатысушыларға да арнайы сыйлықтар табыс етілді.