Оралда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен облыс әкімінің жүлдесі үшін халықаралық турнир басталады

ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Оралдағы мамандандырылған олимпиада резервтері балалар-жасөспірімдер мектебінің залында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Батыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін халықаралық турнир басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш жарысқа Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан елдерінен барлығы 15 команда қатысуда. Әр команда жеті ойыншыдан тұрады. Сайыс сәуірдің 11-іне дейін созылмақ.