ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Жастар - елді жаңарту стратегиясының қозғаушы күші» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әліби Сүндетов, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Серік Молдағалиев Елбасы Жолдауына байланысты атқарылатын жұмыстар жайында баяндап, студенттер сауалдарына жауап берді.
Аталмыш университетте «Қазақстан - 2030» стратегиясы жеке пән ретінде оқытылып, жыл сайын Елбасы Жолдауына байланысты оқу жоспары жаңартылып отырады. Университет ректоры Нұрболат Қадырғалиев жұмыстың биыл да жаңаша жүргізілетінін атап өтті. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Салтанат Тұманбаева, БҚИТУ-дың шәкірттері Аида Мектепқалиева, Оксана Наумова студент жастарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Университет профессоры Мырзағали Мұхамбетовтің айтуынша, оқу орны ұжымы Елбасы Жолдауын толық қолдап отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).