ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаппай қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалының қызметкері Анатолий Кимнің «Орал өңіріндегі кәрістер» атты кітабының таныстырылымы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отызыншы жылдары Қазақстанға 10 мыңдай кәріс ұлты өкілдері жер аударылған болатын. Қазақ еліне өз үйіндей болып сіңіп кеткен кәрістер салт-дәстүрі мен тілін сақтап қана қойған жоқ, елімізде тең құқылы өмір сүруге мүмкіндік алып отыр. Қазақстан кәрістері қауымдастығы кеңесінің мүшесі А.Ким аталмыш кітабында өңірді мекендеген кәріс ұлты өкілдерінің өмірі мен тағдыры жөнінде баяндайды.
Тұсаукесер рәсіміне басқа да этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып, жылы пікірлерін білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).