ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Дарын» қосымша білім беру орталығында «Жайықтың жалынды жастарымыз» атты балалар мен жасөспірімдер ұйымдары көшбасшыларының форумы өткізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған Батыс Қазақстан облысы аудандарымен қатар Ақтөбе қаласынан келген жас көшбасшылар қатысуда. Олар қыркүйектің 24-іне дейін созылатын форум барысында өзара пікір алмасып, шеберлік сағаттарынан дәріс алуда. Сондай-ақ фестиваль мен түрлі байқаулар да ұйымдастырылмақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).