ОРАЛ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы Махамбет ақын атындағы көшеде жеке үй отқа оранып, өрт орнынан төрт адамның денесі табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұлардың екеуі 1961 және 1959 жылғы ерлі-зайыптылар, қалған екі әйелдің кім екендігі анықталуда.
Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).