ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 8-інде А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Театрға осыған орай соғыс және еңбек ардагерлері, облыс, қала жұртшылығы жиналды. Олар өңірге танымал облыс өнерпаздарының күшімен қойылған мерекелік бағдарламаны тамашалап, еліміздің өткенін еске түсірді.
Жеңіс күніне арналған мәдени-спорттық шаралар алдағы демалыс күндері де жалғасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).