ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотына ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі (адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша айыпталған П.Бакаушинге қатысты сотқа дейінгі жеделдетілген іс түсті.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, П.Бакаушин орта дәрежедегі масаң күйінде көлік руліне отырып, жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан жүкті әйелді қағып кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан жас келіншек оқиға орнында көз жұмды. Ал ішімдік ішкен жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқысы 4 қарашаға белгіленді.
Еске сала кетейік, аталған жүргізуші 4 қазан күні LIFAN автокөлігімен Ғ.Құрманғалиев көшесі бойында 1988 жылғы А.Марченконы қағып кеткен болатын. Жүкті әйелдің соңында екі кішкентай баласы қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).